Ресейде жойқын жарылыс болды

Ресейде жойқын жарылыс болды

Ресейдің Новосібір қаласында таңғы 8-де 5 қабатты тұрғын үйде жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Куәгерлер ғимаратта газ жарылғанын айтады. Бір кіреберіс тұтас опырылып, 2 адам ажал құшып, 11 тұрғын жарақат алған. Тағы 11 кісі іздестіріліп жатыр. Олардың бәрі ауруханаға жеткізілген. Ресейдің Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғаған.