Түркия мен Сирияда қаза тапқан адам саны 21 мыңға жуықтады
Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 21 мыңға жуықтады.
Ал жарақат алғандар 75 мыңнан асты. Зілзаладан қаза тапқандардың 18 мыңдайы Түркияда опат болған. Қазір апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оның үстіне күн суытып, құтқарушылар жетіспеушілігі де байқалады. Кей аудандардағы үйлер түгелімен қирап қалған. Сарапшылар жойқын жер сілкінісі жалпы 13 миллионнан астам адам тұратын аумақты қамтығанын айтады.