Түркияда тірі қалған адамдар әлі табылып жатыр
Әлем елдері зілзала құрбандарына гуманитарлық көмек көрсетуге барынша күш салып жатыр.
Игі істен қазақстандықтар да шетте қалған жоқ. Дәл қазір елден аттанған 100 құтқарушы апат салдарымен күресуде, ал ел тұрғындары зардап шеккендерге көмек беріп жатыр. Оқиға орнындағы отандастарымыздың жағдайы қандай? Әріптесім Бекзат Аманов толығырақ айтып береді.
Қос елдегі алапат жер сілкінісіне 4 күнге жуықтаса да үйінділер астынан тірі қалғандар табылып жатыр. Түркияның Хатай қаласында құтқарушылар 48 жастағы 1 әйелді тауып алды.
Осы шаһарда құтқару жұмысымен айналысып жатқан тағы бір топ 3 жасар баланы аман шығарды. Ал Адыйаман қаласында мамандар құлаған ғимаратттың астынан 39 жастағы ер адамды шығарды. Қазір апат болған аймақтарда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 110 мыңанна астам құтқарушы жұмылдырылған.
БЛИЦ:
- Зілзаладан жапа шеккен аудандар өте көп. Сондықтан біз құтқару жұмыстарын күні түні жүргізіп жатқанымызбен баяу жылжып жатырмыз. Себебі, әр қираған үйдің астынан тірі қалған жан болуы мүмкін.
- Іздестіру-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. 10-15 минуттай тынығып алып, үйінділердің астынан адамдарды іздестіруге қайта кірісеміз. Бүгін қасында кішкентай итті бар 2 баланы алып шықтық. Өкініштісі бүлдіршіндер зілзаладан аман қалмаған.