Түркияның апат болған аймағында жанармай тапшы
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 18 мыңға жуықтады.
Тағы 70 мыңнан аса адам жарақат алған. Апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Қазір осы елдегі біздің меншікті тілшісіз Меруерт Қанағат зілзаладан жапа шеккен қаланың біріне жетті.
Меруерт Қанағат, тілші:
- Анкарадан-Аданаға келдік. Жолдағы көліктердің дені апаттық аймаққа гуманитарлық көмек тасымалдап жатыр. Жанармай алу үшін бекеттерінің біріне тоқтадық. Ұзынсонар кезек бар. Көліктердің барлығы Түркияның әртүрлә өңірінен. Біз де көлікке жанармай толтырып алдық. Қосымша мынандай ыдыстарға бензин алдық себебі апаттық аймақта жанармай иабудың өзі қиын. Әлі 3 сағаттық жолымыз бар.