Түркия мен Сириядағы зілзаладан қаза тапқандардың саны 24 мыңға жуықтады

Түркия билігі апат болған аймақта ғимараттарды салған және қабылдап алған жауапты адамдарға қатысты тергеу бастап, күдіктілерді қамауға алып жатыр. Бұл жайында Түркияның Әділет министрі Бекир Боздағ мәлімдеді.

Елімізден аттанған құтқарушылар Газиантеп қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.