АҚШ-та шебер магнит карталарынан мүсін жасайды

Шығармашылыққа шектеу жоқ. Нью-Йоркте бір шебер кәдімгі магнит карталарынан мүсіндер жасайды.

Өнерпаз мозайка, көлік, тіпті қала макеттерін құрастырады. Томас 20 жыл бұрын бір бума пайдаланылған магнит карталарын тауып алады. Содан бері ерекше құрастыруды кәсіпке айналдырған. Қазір Томас Маккинның жұмыстары америкалықтар арасында үлкен сұранысқа ие. Шебердің қолынан шыққан ерекше туындылар қала дүкендерінде сатылады.