Испанияда 250 мыңға жуық адам ереуілге шықты
Ел астанасы Мадрид көшелеріне жиналған жұрт денсаулық сақтау жүйесіндегі күрделі мәселелерге қарсылық білдірді.
Жергілікті билік саладағы көптеген мемлекеттік мекемені жекешелендірмек. Ал бұл азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді дейді жиналғандар. Жаппай ереуілге 74 қауымдастық мүшелері қатысқан. Олардың айтуынша, қазір испандықтардың көбі, қажетті медициналық көмекке зәру.