Нұрдағы зілзала зардабы
Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардың бірі Нұрдағы қаласы.
Мұндағы ғимараттардың 80 пайызы қираған. Қазір шаһарда құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Нұрдағыда Қазақстандық мамандардың бір бөлігі бар.
Алмагүл Талдыбекова, қазақстандық дәрігер:
- Біз апаттан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатырмыз. Сонымен қатар, олардың хал жағдайын сұрап, психологиялық көмек те көрсетудеміз. Қазақстаннан келген құтқарушылар тобынанмын, Қарағандыдағы апат медициналық орталығында істеймін.
Елем Ақхан, Нұрдағы қаласының тұрғыны
- Түннің бір уағында үйдің шайқалғанын сездім. Сағат тілі 04:15-ті көрсетіп тұрды. Бірден ұйқыда жатқан інімді оятып, сыртқа шығуға ұмтылдық. Абырой болғанда санаулы секундтың ішінде қауіпсіз аймақта болдық. Әйтпегенде үйінді астында қалар едік.