Еуроодақтақтың экономикасы түзеле бастады

Харам ішімдіктен бас тарта бастаған еуроодақтың экономикасы түзеле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еурокомиссиясының соңғы болжамы бойынша инфляция деңгейі төмендеуі мүмкін. Еуроаймақтың жалпы ішкі өнімі 1%-ке жуықтап, экономика қарқыны 0,8%-ке өседі. Ал тұтас 1 жылға болжанған қымбатшылық көрсеткіші 6,4%-ке төмендетілді. Бұған энергия өнімдерінің арзандауы түрткі болған. Қоймаларда сақталған газ көлемі соңғы жылдардағы орташа көрсеткіштен жоғары. Еңбек нарығы да ұлғайып жатыр. Жұмыссыздық деңгейі 6%-тен сәл ғана асады.  

Паоло Джентилони, экономика жөніндегі еурокомиссар:

- Еуроодақ экономикасындағы дағдарыс биыл да жалғасады деген болжам болған. Бірақ, керісінше, сауыға бастады. «Кәрі құрлықта» газ бағасы төмендеді. Бұған сұранысты шектеу, ұсыныс көздерін түрлендіру және қолайлы ауа райы себеп болды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі күткендегіден жоғары болды.