Нью-Йоркте жүк көлігі 8 адамды қақты
Нью-Йоркте полициядан қашқан шағын жүк көлігі жүргіншілер жолына шығып, 8 адамды жарақаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқыс оқиға 3 миллиондай кісі тұратын Бруклин ауданында болған. Тәртіпке бағынбай, адамдарды соққан бұзақы кейін қолға түсті. Зардап шеккендердің ішінде бір полиция офицері бар. Дәрігерлер 2 адамның халі ауыр дейді. Билік бұл лаңкестік әрекет емес деп мәлімдеді.
Мэри Уозниак, жергілікті тұрғын:
- 86 жастамын. Мына оқиға мені қатты уайымдатып қойды. Өйткені қартайсақ та, көшеде көп жүреміз. Естегіннің өзінде адамның үрейін ұшырады екен. Әлем не болып барады?!
Мариса Гоулдмән, жергілікті тұрғын:
- Мына оқиғаға қарап, не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің. Сұмдық қой. Негізі бұл ауданда жол апаты жиі болады. Бірақ полиция бұл маңды аса қадағаламайды.