Жапония экономикасы дағдарыстан кейін баяу оңалып келеді
Жапония экономикасы үлкен дағдарыстан аман қалды, бірақ қалпына келуі баяу жүріп жатыр. Жағдайды зерттеген сарапшылар осындай қорытындыға келген.
Әлеуеті жағынан әлемде үшінші орын алатын экономика былтыр 0,6%-ке нығайған. Алайда бизнеске инвестиция аз құйылды. Экономистер ішкі тұтыну деңгейі артып, соған орай жалақы көлемі де өседі деп үміттенеді. Оның үстіне күншығыс еліне шетелдік туристер көптеп келе бастаған.