Сириядағы оппозиция аза тұту аптасын жариялады
Сириядағы оппозиция өз бақылауындағы өңірлерде аза тұту аптасын жариялады. Бұл – елдің солтүстік және солтүстік батыс аймағы, деп хабарлайды «Хабар 24».
Аталған шешім «Ақ дулыға» деп аталатын Азаматтық қорғаныс ұйымының Twitter-дегі ресми парақшасында жарық көрген. Қазір қозғалыс еріктілері зілзала кезінде іздеу-құтқару операциясын белсенді жүргізіп жатыр.
Әбдел Қадыр Әбделрахман, ерікті:
- Біздің ұйым гуманитарлық бағытта әрекет етеді. Зілзала болғалы тынымсыз жұмыс істеп жатырмыз. Бізге жедел желі бойынша күніне жүздеген қоңырау түседі. Олар үйінді астында жатқан адамдарды хабарлайды. Отбасымызды көрмегелі 1 аптадан асып барады. Біз Сирия азаматтарын араб, күрд, түрікмен немесе мұсылман, христиан деп бөлмейміз. Барлық адамға көмектесеміз.