Түркияда 198 сағаттан кейін 3 адам құтқарылды
Бүгін Түркияда жойқын зілзаладан 198 сағат өткеннен кейін 3 адам құтқарылды. Табиғи апат ошағы Кахраманмараш қаласында құтқарушылар үйінді астында қалған 17 жастағы Мұхамед Енис Енинарды шығарып алды. Көп ұзамай оның 21 жастағы ағасы Баки де құтқарылды. Екеуін де шұғыл ауруханаға жеткізді. Адиаман қаласында да 18 жастағы жігіт дін аман табылды.