Түркия мен Сирияда зілзала құрбандарының саны артты
Түркияда зілзала құрбандарының саны 35 мыңнан асты. Қаралы хабарды президент Режеп Тайып Ердоған жеткізді.
Ол бұл соңғы 1 ғасырдағы ең үлкен апат деп мәлімдеді. Бүгін 10-шы күн іздеу-құтқару жұмысы жалғасып жатыр. Ал Сирияда жер сілкінісінен көз жұмғандар қатары 5800-ден асқан. Бұл мәліметті Біріккен Ұлттар Ұйымы мен араб елінің билігіне қарасты "Араб жаңалықтарының агенттігі" таратты.