Lufthansa лайнерлері ұшпай жатыр

Немістің ірі әуе тасымалдаушысы - Люфтганзаның IT жүйесінде ірі ақау болып, Мюнхен мен Майндағы Франкфурт әуежайларында дүрбелең туды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені тіркеу және отырғызу жүйелерінің жұмысы тежелген. Салдарынан компанияның тек Германияда ғана емес, әлемнің өзге елдерінде бірде-бір лайнері ұша алмай жатыр. Әзірге нақты қанша рейстің кешіккені туралы мәлімет жоқ. Әуе тасымалдаушы өкілдері ақауға не себеп болғанын айта алмай отыр.