Түркияда 222 сағат бойы үйінді астында жатқан әйел құтқарылды
Жер сілкінісі кезінде Кахраманмараш қаласының 42 жастағы тұрғыны үйінен тысқа шығып үлгермеген. Сөйтіп, 9 тәуліктен аса уақыт бойы қирандылар астында жатқан.
Мамандар оған алғаш медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер науқастың жағдайы қанағаттанарлық дейді. Түркияда жер сілкінісінен кейін 10 тәуліктей өтсе де, құтқарушылар үйінді астынан тірі адамдарды алып шығып жатыр. Өңірде түнде сынап бағаны нөлден төмен болады. Дегенмен мамандар үміт үзбейді. Зілзала ошағы Кахраманмарашта қазір 200-ден аса жер телімінде үйінділерді аршу жұмыстары жүріп жатыр.