Түркияда он тәулікке жуық уақыт үйінді астында жатқан адам құтқарылды
Түркияның Антакия қаласында 228 сағат үйінді астында жатқан ер адам құтқарылды.
Бейнежазбаны Стамбұл әкімдігі жариялаған. Іздеу-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Түркиядағы жойқын 2 зілзаладан құрбан болғандар саны 35 мыңнан асқан. Ал Сирияда 8600-ге жуық тұрғын көз жұмған.