Ливияда кеме апатынан 73 мигрант қаза тапты

Ливияда кеме апатқа ұшырап, 73 адам көз жұмды.

Жағажайларда ондаған босқынның денесі табылды. Болжам бойынша бортта 80 адам болған. 7 мигрант құтқарылды. Босқындар Триполи қаласының шығысында орналасқан Каср-Алкаяра аймағынан шығып Еуропаға бармақ болған. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізіліп, қажетті көмек алып жатыр. Әзірге апатқа не  себеп  болғаны белгісіз.  Айта кеткейік, Жерорта теңізі мен шөлейт даладағы мигранттар үшін Ливия Еуропаға жететін жолда басты “көпір”  ел болып есептеледі.