Түркияда 228 сағат үйінді астында жатқан жасөспірім құтқарылды

Түркияның Антакия қаласында 228 сағат үйінді астында жатқан 13 жастағы ұл бала құтқарылды.

Бейнежазбаны Стамбұл әкімдігі жариялаған. Іздеу-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Түркиядағы жойқын ЕКІ зілзаладан құрбан болғандар саны 35 мыңнан асқан. Ал Сирияда 5800-ден астам тұрғын көз жұмған.