Тәжікстанда қар көшкінінен 17 адам қаза тапты

Тәжікстанда қар көшкінінен қаза тапқандар саны 17-ге жетті. Қазір жоғалған 2 студент іздестіріліп жатыр. Бұл жайында Төтенше жағдай қызметінің өкілдері хабарлады.

Апат салдарынан Хорог қаласында 4 тұрғын үй жермен-жексен болып, 35 шақтысы қирап, 5 ауылшарушылық нысаны зардап шекті. Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында кеше қар көшкіні жүріп, Хорог және Ванч қалаларында ғимараттар бұзылып қалған. Душанбеге баратын күре жол да жабылған. Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға сақ болуды ескертіп отыр.