БҰҰ: Түркияға $1 млрд көмек керек
Бірікккен Ұлттар Ұйымы Түркияға 1 млрд доллар көмек беруге үндейді. Халықаралық ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш осындай мәлімдеме жасады.
Оған сәйкес зілзала салдарынан қалыпқа келу үшін ауқымды гуманитарлық көмек көрсетілуге тиіс. Қаражат 3 айдың ішінде 5 млн 200 зардап шеккен адамға жәрдем болмақ. Гутерриш бұл табиғи апат адамзат тарихындағы ең үлкен қасірет екенін атап өтті. Саясаткер халықаралық ұйымдарды, әлем елдерін қаржылай көмек көрсетуге шақырады. Сарапшылар таяуда Түркиядағы зілзала шығынын 20 млрд долларға бағалады.