Австралияда Олимпиадаға дайындық басталды

Австралияда Олимпиадаға дайындық басталды

Австралияда Олимпиада нысандарының құрылысына 5 миллиард АҚШ доллары жұмсалады.

Қомақты қаржыға жаңа ареналар салынып, қолданыстағы стадиондар жөнделеді. 2032-ші жылғы жазғы Олимпиада ойындары  БрИсбен қаласында болады. Олимпиада тарихында Австралия ауқымды спорттық іс-шараны екі мәрте өткізді. Алғаш рет 1956-ші жылы Мельбурнде, ал 2000-шы жылы Сиднейде ұйымдастырды.