Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 36-ға жетті

Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 36-ға жетті

Бразилияның Сан-Паулу штатында тоқтаусыз жауған жаңбыр соңы тасқын мен лай көшкініне ұласып, 36 адам көз жұмды.

Апат салдарынан зардап шеккен 6 қалада төтенше жағдай жарияланды. Жүздеген адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге кетуге мәжбүр. Сан-Себастьян мен Бертиога шаһарларында дәстүрлі карнавал тоқтатылды. Қазір іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр. Шараларға әскерилер де тартылған. Синоптиктер жауын-шашын Бразилияның басқа жағажайларына да қауіп төндіруі мүмкін дейді. Жоспар бойынша зардап шеккен аймақтарға мемлекет басшысы Лула да Силва сапармен келеді.