АҚШ әуежайларында қарулы жолаушылар көбейді

АҚШ әуежайларында ұшаққа қаруды заңсыз алып кіретін жолаушылар көбейіп, оның саны рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәліметке қарағанда, өткен жылы тексеру бекеттерінде 6,5 мыңнан аса қару тәркіленген. Олардың 88%-і оқтаулы күйінде табылған. Ал кедендік тексерісте ұсталғандардың дені «оны тастауды ұмытып кеттік» деп құтылатын көрінеді.

Дэвид Пекоске, АҚШ көлік қауіпсіздігі басқармасының өкілі:

- Әуежайдың тексеру орындарындағы қазіргі жағдай қоғамдағы ахуалды білдіреді. Қазір елде қаруы бару азаматтар көбейді. Бірақ ұшақ оны алып жүретін орын емес. Сондықтан жолаушылар әуе бортына кірмес бұрын жүктерін мұқият қарауы тиіс.