Германия экономикасы €100 млрд жоғалтты
Германия экономикасы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 100 млрд еуро жоғалтты. Осы елдің Экономикалық зерттеулер институтының президенті Марсель Фратцшердің мәлімдеуінше, дағдарысқа Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс себеп болған.
Былтыр Германияда энергия бағасы 35, табиғи газ 87, ал мазут 64%-ке қымбаттаған. Бұл – Федералды статистика кеңсесі таратқан мәлімет. Сарапшы «Ресейден шығарылатын энергия өнімдеріне Еуропаның басқа елдеріне қарағанда неміс экономикасы қатты тәуелді, сондықтан та дағдарыс зардабын көбірек тартты» дейді.