Жапонияда аэротакси сынақтан өткізілді

Жапонияда пилотсыз аэротакси алғаш көкке көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытайлық Ихан компаниясының аппараты 2 жолаушыны 30 метр биіктікке көтерді. Сынақ 3 минуттан аса уақытқа жалғасты. Аэротакси 260 келі жүкті көтеріп, сағатына 130 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Сынақ өткен Оита қаласының билігі енді аэротакси қызметін іске қосуды көздеп отыр.