Кубада орман өртінен 600 адам эвакуацияланды

Кубаның шығысында орман өртеніп, 600 тұрғын эвакуацияланды.

Өрт демалыс күндері Ольгин провинциясындағы таулы ауданның бірінен шықты. 150 гектар жерге жайылған жалын  аймақтағы ұлттық парктің біріне қауіп төндірді. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Билік өртті сөндіруге желдің кедергі келтіріп жатқанын айтады.  

Джованис Мартин, Маяри қаласы билігінің өкілі:

- Елді мекендерді өрттен қорғау үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Бірақ лаулаған жалын дес бермей тұр. Аймақтағы орман шаруашылығы көп шығын келді.