Бразилияда лай көшкіні құрбандарының саны артты

Бразилияда лай көшкіні құрбандарының саны артты
Лай көшкіні құрбандары көбейді. Бразилияның оңтүстік-шығысындағы лай көшкіні кезінде қаза тапқан адамдардың саны 46-ға жетті. Тағы 2,5 мың тұрғын баспанасыз қалған. Із-түзсіз жоғалып кеткендер бар. Қазір оларды іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр. Ел президенті жаңа үйлер салып беруге уәде етті.
 
Метеорологтар осы аптада 200 мм-ге дейін жауын-шашын болып, тағы су тасып, лай көшеді деп ескерту жасады.   
   
Луис Инасиу Лула да Силва, Бразилия президенті: 
- Табиғат бізді бірде таң қалдырса, кейде қыспаққа алады. Ең бастысы, біз табиғатқа қылдай қиянат жасамауымыз керек. Лай көшкінінің салдарынан далада қалған тұрғындарға жаңадан үй салып береміз.