Италияда «апельсин шайқасы» басталды
Италияда қайтадан "апельсин шайқасы" басталды.
Пандемия салдарынан ол 3 жыл бойы өтпеген еді. Бұл 1939 жылдан бері жалғасып келе жатқан дәстүр. Ивреа қаласындағы карнавал кезінде тұрғындар көшеге шығып, бір-біріне апельсин лақтырады. Осылай көктемнің басталуын атап өтеді. Іс-шараны өз көзімен көру үшін қалаға әлемнің түпкір-түпкірінен мыңдаған турист келеді. Испанияда да осыған ұқсас шайқас өтеді. Бірақ онда тұрғындар апельсинмен емес, қызанақпен атысады.