АҚШ-та 3,5 мың әуе рейсі кейінге шегерілді
АҚШ-тың солтүстік-батыс аймағында боран соғып, 3 жарым мың әуе рейсі кейінге шегерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Желдің екпіні сағатына 97 шақырымға, ал ақ ұлпаның қалыңдығы 60 сантиметрге жеткен. 50 млн-нан астам америкалық қолайсыз ауа райы туралы ескерту алған. Айова штатының орталығында жаңбыр жауып, жол қатынасы бұзылды. Мамандар мұз қатқан электр желілері мен құлаған ағаштар тұрғындарды жарықсыз қалдыруы мүмкін деп ескертті. Қазірдің өзінде жүздеген мектеп жабылған. Ал метеорологтар боран осы аптаның аяғына дейін басылмайды дейді.