Тәжікстанда 7,2 балдық жер сілкінісі тіркелді
Зілзала ошағы Қытаймен шекаралас аймақта, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының маңында болған.
Қытай ақпарат көздерінің деректеріне сәйкес, дүмпу Шыңжаңның бірнеше елді мекенінде сезілген. Сілкіністің ошағы Тәжікстанның Хорог қаласына жақын келген. Сонымен қатар Ташкентте де 3-4 балдық жер сілкінісі байқалыпты. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.