Қытайдағы көмір кенішіндегі апаттан қаза тапқандардың саны артты
Қытайдағы көмір кенішіндегі апаттан көз жұмғандар саны 6 адамға жетті.
Жергілікті телеарнаның мәлімдеуінше, тағы 47 кісі із-түссіз жоғалып кеткен. Іздеу-құтқару жұмысына 300 маман мен ауыр техникалар және иттер тартылған. Ішкі Моңғолия автономды ауданындағы апат 22 ақпанда 80 метр тереңдікте болған еді. Премьер-министр Ли Кэцян қайғылы оқиғаның себебін тез арада анықтауды тапсырды.
Айта кетейік, Қытайда көмір - әлі күнге дейін энергияның негізгі көзі деп саналады. Бірақ кеніштердегі өлім-жітім әлем бойынша ең жоғары деңгейде.