Бір миллиардтан астам адамға тырысқақ жұғу қаупі төнді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің мәлімдеуінше, әлемде бір миллиардтан аса адамға тырысқақ ауруын жұқтыру қаупі төніп тұр.

Қазіргі кезде бұл індет 22 мемлекетке тарап кетті. Осы тізімде Сирия, Африка, Орталық Америка және Оңтүстік Азия елдері бар. Соңғы 10 жылда бұл кеселден өілім-жітім көрсеткіші ең жоғары деңгейге жетті. Жалпы тырысқақтың тарауына кедейлік, қарулы жанжалдар мен табиғи апттар себеп болып тұр. Вакциналар тапшылығы да кері әсерін тигізіп отыр. Жыл сайын әлемде бұл дертті 3 миллиондай адам жұқтырып, 95 мыңы қайтыс болады.