Камбоджада құс тұмауынан 11 жасар қыз көз жұмды

Камбоджа билігінің өкілдері 11 жасар қыздың құс тұмауынан қайтыс болғанын хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, 2014 жылдан бері Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде осы аурудың адамға жұғуы алғаш рет тіркеліп отыр. Мамандар науқас қызбен араласқан 12 адамды шұғыл тексеріп, біреуінен вирус анықтаған. Құс тұмауы – негізінен қанаттылар арасында тарайтын қауіпті дерт. Алайда құс етін асқанда немесе қуырғанда ыстықтан вирус қырылады. Дегенмен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде етті маринадтап, тағам жасау әдеті кеңінен тараған. Жалпы, құс тұмауы адамнан адамға жұқпайды. Бірақ вирус мутацияланса, бұл індетке әкелуі мүмкін.