АҚШ-та боран кесірінен көшедегі көліктер тоқтап қалды

АҚШ-та қатты соққан боранның кесірінен Портленд қаласының маңындағы жолдарда ондаған автокөлік тұрып қалды.

Кейбір жүргізушілер көліктерінде түнеуге мәжбүр болды. Орегон және Вайоминг штаттарында күре жолдар жабылды. Калифорния штатының кейбір аудандарында соңғы 34 жылда болмаған боран соқты. Қар биіктігі екі жарым метрге жетуі мүмкін. Сонымен қатар, күшті жел соғып, далада түк көрінбей тұр.