Боливияда денге безгегі белең алды

Боливияның шығысында денге безгегі белең алды.

Онда 10 мыңдай тұрғын дертке шалдығып, 29 науқас көз жұмған. Індеттен әсіресе Санта-Крус аймағы қатты зардап шегіп жатыр. Жергілікті билік дала госпитальдарын салуға кірісті. Сондай-ақ үйлер мен саябақтарды зарарсыздандырып, масалар шоғырланған жерлерді тазалау қолға алынды.