Иран жаңа зымыран жасап шығарды
Иран алысқа ұшатын жаңа қанатты зымыран жасап шығарды.
"Паве" деп аталатын қауіпті құрал 1650 шақырымға дейін жетеді. Бұл туралы осы елдің Әуе-ғарыш күштерінің басшысы Амирали Гаджизаде мәлімдеді. Оның айтуынша зымыран Иран әскерінің қолданысына берілген. Ал Иран кейінгі жылдары АҚШ пен Батыс елдерінің қарсылығына қарамастан зымыран бағдарламасын күшейтуге кіріскен. Тегеранның баллистикалық зымырандары әсіресе Еуропа елдерін алаңдатып отыр.