Иран валютасы рекордтық деңгейге дейін құнсызданды

Иран валютасы рекордтық деңгейге дейін құнсызданды. Қазір 1 АҚШ доллары 600 мың риалға тең. Қаңтарда инфляция деңгейі 53,4 пайызға жеткен.

Елдегі дағдарысқа бірнеше фактор әсер етті. Былтырғы қыркүйекте орамал тақпады деген желеумен қамауға алынған 22 жастағы әйелдің түрмеде өлтірілуі жаппай наразылық тудырды. Сондай-ақ, Тегеран, Ресейге дрондарды сатып жатыр деген Батыс елдері санкция легін күшейтті.

Насер Азими, кілем делдалы:

- 1 доллар 600 мың риалға бағаланып жатыр. Шетелден тауар алсаңыз, оны қазір тиімді бағаға мүлде сата алмайсыз. Өйткені сырттан қымбатқа алып, елдің ішінде арзанға беруіңіз керек. Сондықтан саудадан береке кетті.