Әлемде кедей елдер көбейіп барады
Кедей елдер ашаршылық зардабын тартуда.
Бұл туралы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің 52-сессиясының ашылуында ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді.
Қазір ауа райы күрт өзгеріп жатқан аймақтарда 3 жарым миллиард адам тұрып жатыр. Күнделікті азық таппай жүргендер көбейіп келеді. Сондай-ақ қақтығыстар мен адам құқықтары тапталған елдерден 100 млн адам бас сауғалауға мәжбүр болды.