Израильде наразылық соңы қақтығысқа ұласты
Израильде астанасы Тель-Авивте жүздеген тұрғын шеруге шықты.
Наразы топ Палестина жерінде болған зорлық-зомбылыққа қарсы бас көтерген. Ереуілшілер еврей билігінен өзге елдің аумағын басып алу әрекетін тоқтатуды талап етті. Бейбіт шеру полициямен қақтығысқа ұласты.
Ури Вельтманн, ереуілші:
- Бұл бассыздыққа бүкіл Израиль қарсы. Экстремистік әрекеттерге жол беруге болмайды. Еврейлер мен палестиналықтар үкіметтен отаршылдықты дереу тоқтатыңдар, бейбітшілікке үндеңдер деп айту үшін көшеге шықты.
Палестина үкіметінің мәліметі бойынша, Израиль әскері жыл басынан бері 63 адамды өлтірген. Марқұмдардың арасында бейбіт тұрғындар көп. «Ал ресми Тель-Авив палестиналықтардың шабуылынан 13 израиль және 1 Украина азаматы қаза тапты», - дейді.