Сербия мен Косово қатынасты реттеуге келісті

Сербия мен өзін-өзі жариялаған Косово Еуропалық Одақтың екіжақты қарым қарым-қатынасты реттеу туралы ұсынысын қолдады.

Тараптар алдағы айда мәселеге қатысты тағы да келіссөздер өткізбек. Бұл туралы Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель мәлімдеді. Косово 2008 жылы Еуропалық Одақтың қолдауымен Сербиядан тәуелсіздігін жариялаған болатын. Бірақ Белград пен Мәскеудің қарсылығынан БҰҰ-ға мүше бола алмады. Сербия оны өзінің бір бөлігі деп санайды.