Қазақстан алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша үздіктер қатарында
Қазақстан - алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша үздіктер қатарында.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жүргізген зерттеулері осындай нәтиже көрсетті. «Бұл көпжылға жасалған бағдарламаның жемісі», -дейді ұйымның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі директоры Сурайя Делил. Оның айтуынша зерттеулер әлемнің бірнеше елінде жүргізілген. Үздік танылғандардың тәжірибесі, өзгелерге үлгі ретінде көрсетіледі.
Сурайя Далил, ДДСҰ арнайы бағдарламасының директоры:
- Қазақстан көп жылдар бойы алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласында көшбасшы позициясында. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі өңірлік орталығы Қазақстанды осы бағдарламаны табысты іске асырып отырғанын ерекше бағалайды.