Гонконгте бетперде тағу талабы алынды
Гонконгте коронавирусқа қарсы бетперде тағу талабы алынды. Бұл туралы Арнайы әкімшілік ауданның басшысы Джон Ли хабарлады.
Соңғы 3 жыл бойы ғимараттар мен қоғамдық көлікте, тіпті ашық далада маскамен жүру міндеттелген болатын. Жаңа шешімді жергілікті тұрғындардың кейбірі қуана қабылдаса, енді бірі наразылық білдіріп жатыр.
- Бетперде тағу талабы алынса да, мен оны тастамаймын. Өйткені маған өзімнің және отбасымның амандығы керек. Инфекцияны қайтадан жұқтырып алсақ, қайтеміз?!
- Үкімет тығырыққа тіреле бастады деп ойлаймын. Олардың кейбір шешімін түсіну мүлде мүмкін емес. Өзім қоғамдық көлікке кигенде бетперде тағуды жалғастыра бермекпін. Қауіп әлі де бар.