Финляндия парламенті НАТО-ға қосылуды мақұлдады
Финляндия парламенті НАТО-ға қосылу туралы заң жобасын үлкен басымдықпен қолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
200 депутаттың 184-і жақтап, дауыс берген. Фин елі әскери альянсқа өткен жылдың мамырында өтініш тастаған болатын. НАТО-ның жарғысы бойынша ұйымға мүше елдер жаңа мемлекеттің қосылуын бір ауыздан мақұлдауы керек. Түркия мен Венгрия Финляндияға қатысты әлі келісім бермеген. Швеция өз кезегін күтіп отыр. НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг өткен аптада Финляндия мен Швеция ұйымға шілдеде өтетін саммитке дейін қабылдануға тиіс деп мәлімдеген.