Үндістанда G20 кездесуі басталды
Нью-Делиде «Үлкен жиырмалық» елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Ресей, Қытай және Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлері қатысып жатыр. Жалпы, Үндістан астанасына 40 делегация келген. «Күрмеуі қиын келіспеушіліктер кезеңінде бас қосып отырмыз» деп сөз бастаған үнді премьер-министрі Нарендра Моди мәселелерді шешу үшін күш біріктіру қажеттігін айтты. Жиында экономика, азық-түлік қауіпсіздігі және Украина жағдайы талқыланбақ.