Малайзияда су тасқынынан 4 тұрғын көз жұмды

Малайзия алапат су тасқынынан зардап шегіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғи апаттан әсіресе Джохор штаты қатты зардап шегіп жатыр. Осыған байланысты жергілікті жұрт жаппай көшіріліп жатыр. Осы уақытқа дейін 40 мың тұрғынның эвакуацияланғаны белгілі. Алайда 4 адам опат болды. Билік өкілдері тұрғындарға барынша көмектесуге тырысып жатыр. Ол үшін үкімет 11 млн доллар бөлетін болды.