loader


Огайо штатында тағы да темір жол апаты болды

Огайо штатында тағы да темір жол апаты болды. Тауар тиелген жүк пойызының 20 вагоны рельстен шығып кеткен.

Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ. Өткен айда осы Огайода тағы бір осындай оқиға болған еді. Ол кезде қауіпті химикаттар тасыған пойыздың ондаған вагоны рельстен шығып кетіп, ауаға зиянды заттар тараған. Содан кейін жақын маңай тұрғындары тарапынан денсаулығына қатысты шағым көбейді. Мыңдаған балық қырылып қалды. Ол апаттың нақты себебі әлі жария етілген жоқ. Бұл жолғы оқыс оқиғаның да себебі әзірге белгісіз. 

Сондай-ақ...