Ыстамбұл зілзалаға шыдас бере ме?
Ыстамбұлда алдағы 7 жыл ішінде жойқын жер сілкінісі болу мүмкін.
Ғалымдар мұның ықтималдығы 64% деп болжайды. Зілзаланың күші 7 балл және одан да жоғары болады деген де сөз бар. Ал қала басшысы ғимараттардың қауіпсіздігін күшейту немесе қайта салу үшін арнайы жоба жасалғанын айтады. Шығын 19 млрд доллардан асуы мүмкін.
Экрем Имамоғлұ, Ыстамбұл мэрі:
- Ғимараттардың қауіпсіздігін артыру және тексеруге өтініш білдіруші тұрғындар шығын қызметін ғана өтейді. Ішінара және жан-жақты күшейту туралы жеке ереже дайындап жатырмыз. Бұл ережеде біз қауіпті ғимараттарды талдау және ғимаратты жылдам сканерлеу нәтижелеріне сүйене отырып, қайта жабдықтау кезіндегі құрылыс процесін және қаржыландыру үлгілерін сипаттайтын боламыз. Көшіру арқылы мәселе шешілмейді. Ғимараттың төзімділігін арттыру және сол орнында қайта жаңарту арқылы да мәселені тез шеше алмаймыз.
Жер сілкінісі қаупі бар Ыстамбұлда 4,5 млн тұрғын үй бар. Оның 1,5 миллиондайы, яғни 3-тен 1-і көшіріледі. Бұл туралы Қоршаған орта министрі мәлімдеді.
Мұрат Курум, Қоршаған орта министрі:
- Ыстамбұлда 1,5 млн тұрғын үйдің құрылысын қайта жасау қажет. Оның 300 мыңын мүмкіндігінше тезірек жүзеге асыру үшін министрліктің 94 мың тәуелсіз бөлімнен құрылған жобасы бар. 1,5 млн ғимаратты көшіретін 2 қауіпсіз жер белгіленді. Яғни, қала ортасындағы қауіптілігі жоғары 1,5 млн тұрғын үйдің бір бөлігін Еуропа, бір бөлігін Азияға көшіреміз.