БҰҰ-ға мүше елдер мұхиттарды қорғау туралы келісімді мақұлдады
2030 жылға таман олардың 30%-і қорғалатын акваторияға айналады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Енді бұл аумақтарда кешенді экологиялық тексерулерден кейін ғана кеме қатынасы, су асты бұрғылау жұмыстары мен балық аулауға рұқсат етіледі. Ал қазір мұхиттың тек 1,2%-і ғана қорғалатын аймаққа жатады. Негізі келісім 20 жылдай дайындалған. Осы уақыт бойы халықаралық бірлестікке мүше елдер бір мәмілеге келе алмаған. Әсіресе балық аулау квоталарына қатысты келіспеушіліктер болды.
Рена Ли, БҰҰ-ның Дүниежүзілік мұхит және теңіз құқығы сұрақтары жөніндегі елшісі:
- Ұзақ жылдан кейін ақыры бір мәмілеге келдік. Енді техникалық тұстары қалды. Осыдан кейін құжат алты тілге аударылып, кейіннен бекітілетін болады.