Түркияның Шанлыурфа қаласында 6 қабатты үй құлады
Бұл ғимарат шамамен бір ай бұрын 7 балдан астам 2 бірдей зілзала кезінде зақымданған.
Сол елдегі тілшіміз Меруерт Қанағанттың айтуынша, үйінді астынан адамның дауысы естілген. Осы себепті оқиға орнында іздестіру- құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Шанлыурфа губернаторы Салих Айдынның мәлімдеуінше, ғимарат- қиратылуы тиіс еді. Бірақ үлгемеген. 1 кісі құтқарылған. Үйінді астында тағы адам болуы мүмкін деген болжам бар.
Жалпы, провинцияда 2500-ге жуық жарамсыз ғимарат бар. Қаланың өзінде тұрғын үйлердің 80%-іне сараптама жүргізілген.
Айта кетейік, Түркияда 6 ақпанда болған зілзала кезінде көз жұмғандар саны 46 мыңға жуықтады.